Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен салт-дәстүрге арналған іс-шара болмақ. Осы ауқымды іс-шара аясында «Қазанат» ипподромының жанында 10 гектар жерде «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылады. Онда қазақ халқының тарихына сүңгіп, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.