Головкин соңғы титулынан бас тартты

Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы титулынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

GGG орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартты. Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин титулдық орынның бос екенін жария етті.

Еске салайық, 40 жастағы қазақстандық бұған дейін міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен жұдырықтасқысы келмеген соң IBF титулынан айырылған. Кейін кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізгісі келмеген соң WBA Super белбеуінен де қағылған еді.