Басымдықтарды белгілеу: «Ауытқушылықтарсыз» спортты дамыту үшін қандай шаралар пысықталуда

Статистика көңіл көншітерлік емес: қысқы спорт түрлері дамытылуға тиіс солтүстік өңірлер бар, бірақ олар халықаралық қысқы жарыстарға бірде-бір лицензия алған жоқ. Туризм және спорт министрлігінің өкілдері ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл жағдайды түзету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Біз талдау жасап, әр өңірдің 55-100 спорт түрін дамытып жатқанын көрдік. Оның ішінде Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия ойындарының бағдарламасына кірмейтін спорт түрлері бар. Құзыретті өзімізге алып, өңірлер бөлінісінде олардың климаттық жағдайларын, материалдық-техникалық базасын, спорт объектілерін дамытуды, жаттықтырушы-оқытушы әлеуетін және тарихи қалыптасқан нәтижелерді ескере отырып, басым спорт түрлерінің тізбесін айқындайтын боламыз», – деді спикер.