Астанада ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Астана қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр. «Алатау» спорт сарайында біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1-7 желтоқсан аралығындағы байрақты бәсекеге еліміздің 17 өңірінен кіл мықты 177 спортшы жиналды. Олардың қатарында әлем чемпиондары – Нұрғиса Әділетұлы мен Артём Антропов та бар.

Бүгінгі бәсекелерде ерлер арасында 65 келі және әйелдер арасында 58 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады.Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында жекелей жаттығулар бойынша 54 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.