Алматыда Спорт күні тойланды

Алматыда Орталық стадион алдындағы алаңда еліміздің басты спорт мерекесі — ҚР Спорт күні ұйымдастырылды. Қала тұрғындары шеберлік дәрістеріне, турнирлерге қатысып, спортшылармен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің салтанатты сәті марапаттау рәсімі болды. Спорт ардагерлері, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысушыларды құттықтап, спорттың қоғамдағы маңызына тоқталды.