Алматыдағы тарихи ойында “Қайрат“ “Реалдан“ жеңіліс тапты

Алматыда өткен тарихи ойында “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасында мадридтік “Реалмен” кездесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ойынның алғашқы голын 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден соқты. Екінші таймда ол тағы екі мәрте мергендік танытып, хет-трик жасады.

Осы аралықта “Қайратқа” берілген пенальти видеоны қайталап қарағаннан кейін жойылды.

Матч соңына қарай Эдуардо Камавинга мен Браим Диас та көзге түсіп, есепті 5:0-ге жеткізді.