Бүгін, 3 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, қазақстандық «Қайрат» (Алматы) командасының ықтимал қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Плей-офф кезеңінде алматылық команда Грекияның АЕК клубымен кездесуі мүмкін. Бұл ойындар 18-19, 25-26 тамыз күндеріне белгіленген.
Қазірге дейін алматылық команда алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубытарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.









