Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ел боксшылары құрлық додасын 6 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен аяқтады. Азия біріншілігі 2026 жылғы 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Ұланбатырда өтті.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы көш бастаса, екінші орынға Үндістан (5 алтын, 3 күміс, 8 қола), үшінші орынға Өзбекстан (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) тұрақтады.
2026 жылғы Азия чемпионатының медаль кестесі:
1. Қазақстан – 6 алтын, 2 күміс, 5 қола
2. Үндістан – 5 алтын, 3 күміс, 8 қола
3. Өзбекстан – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола
4. Қытай – 2 алтын, 1 күміс, 5 қола
5. Жапония – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
6. Қытайлық Тайбэй – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
7. Таиланд – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола
8. Иордания – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
9. Солтүстік Корея — 3 күміс
10. Моңғолия – 2 күміс, 3 қола
11. Тәжікстан – 1 күміс, 2 қола
12. Оңтүстік Корея – 1 қола
13. Түрікменстан – 1 қола
14. Филиппин – 1 қола.
Қазақстан сапынан алтын медальді Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (+90 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (+80 келі) жеңіп алды.
Күміс жүлдеге Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Бақыт Сейдіш (70 келі) қол жеткізді. Ал Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Әйгерім Сәттібаева (48 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдегер атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










