Қазақстандық балуандар Ислам Евлоев пен Олжас Сырлыбай грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Болгария өкілі Кирил Миловқа жол берді.
Сондай-ақ Олжас Сырлыбай 130 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Иран өкілі Фардин Хедаятимен кездесіп, 8:0 есебімен жеңіліп қалды.





