Еркін күрестен Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатын 8 жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Жастар арасындағы Азия біріншілігінде Мерей Базарбаев (61келі) пен Шамсат Тайыр (86 келі) жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Сұлтан Құрманәлиеы, Рүстем Мырзағалиев пен Әкежан Айтбеков күміс жүлдеге қол жеткізді.
Құрлықтық доданың қола жүлдесі Олжас Олжақанов (70 келі), Нұрдәулет Бекенов (92 келі) және Бекзат Үркімбайға (125 келі) бұйырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталғанын жазған едік.