Шығыс Қазақстанның облыстық бюджетінен “ArtSport” бағдарламасына 960 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Шығыс Қазақстан облысында ArtSport бағдарламасына 960 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. 2023 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін Шығыс Қазақстанның облыстық бюджетінен 963,4 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар жандарға да  жіті көңіл бөлінбек.

Биылғы жыл аймақ спортшылары үшін жемісті басталды. 2023 жылдың 3 айында Шығыс Қазақстан спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша 1880 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 642 – алтын, 647-күміс, 591 – қола медальдар.

Сонымен қатар, биылғы жылы Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 спортшы чемпион болса, Азия чемпионаттарында 7 алтын медаль, ал 6 спортшы Азия жүлдегерлері атанды.