Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогында финалға шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Канадаға қарсы алғашқы ойын күнінен кейін есеп тең болды. Юлия Путинцева Кайла Кроссты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, ал Соня Жиенбаева Бьянка Андреескуға 4:6, 6:7 есебімен жол берді.

11 сәуір күні өткен жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Бьянка Андрееску / Кайла Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен ұтты.

Ал Путинцева өз кезегінде Бьянка Андреескуді 7:6, 3:6, 7:6 есебімен жеңіп, жалпы есепті 3:1-ге жеткізді.

Осылайша, Қазақстанның әйелдер құрамасы мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды. Финалдық кезең биыл күзде Қытайда өтеді.