Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сингапур мен Уругвайды жеңіп, Мысыр және Түркия құрамаларына есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне өте алмай, сегізінші орыннан төмен орындар үшін күресті жалғастырды. Қазақстан командасы алдымен Грузиядан 7:10 есебімен жеңіліп, кейін Канадаға 7:9 есебімен жол берді. Ал соңғы ойында спортшыларымыз Перуды 5:3 есебімен жеңді. Нәтижесінде, Қазақстан әлем чемпионатын 23-орынмен аяқтады. Хорватия құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Испания күміс жүлдеге ие болса, Сербия үшінші орынға жайғасты.
Сымбат БЕГІМБАЙ








