Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер командасы ISSF әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, командалық сайыста алғаш рет әлем чемпионы атанды.
2026 жылғы 16-26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы қыздар арасындағы «Трап» жаттығуында командалық есепте үздік нәтиже көрсетті. Олар 337 рет нысанаға дәл тигізу көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Чемпиондар қатарында Элеонора Ибрагимова, Мария Горун, Милана Папчихина да бар.
Әлем біріншілігіне 63 елден 778 спортшы қатысып жатыр. Ел намысын 13 мерген қыз қорғады. Олар жекелей және командалық жарыстарда бақ сынап, халықаралық аренадағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.








