Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 55-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоноваға тап келді. Е.Рыбакина үшін ресейлік спортшы қолайсыз қарсылас болып есептеледі. Осыған дейін өзара алты кездесудің төртеуінде Л.Самсонова жеңсе, соңғы екеуінде қазақстандық теннисші басым түскен еді. Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер үш реттен брейк алмасты. Дегенмен Рыбакина тағы бір брейкпен түйіндей білді – 6:4. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Самсонова брейк жасап, сосын сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте Л.Самсонова қос брейк жасап, 3:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды – 3:3. Содан соң матчты жеңіспен аяқтады – 6:4. Екі сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 11 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Самсонова 1 эйс, 6 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, жапониялық Наоми Осака немесе рейтингіде 34-орындағы канадалық Лейла Фернандестің қай жеңгенімен таласады.
Сымбат БЕГІМБАЙ










