33 жастағы қорғаушы Давид Алаба осы маусым аяқталғаннан кейін мадридтік «Реалдан» кетеді.
Бұл туралы клуб ресми мәлімдеме жасады.
«Реал Мадрид» пен Давид Алаба ойыншының клубтағы мансабын осы маусым аяқталған соң аяқтау туралы келісімге келді. Клуб өз тарихындағы ең табысты кезеңдердің бірінде команданың бір бөлігі болған футболшыға алғыс пен құрмет білдіреді.
Давид Алаба «Реал» сапында 5 маусымда 131 матч өткізіп, 11 титул жеңіп алды. Оның ішінде екі Чемпиондар лигасы, екі клубтық әлем чемпионаты, екі УЕФА Суперкубогы, екі Ла Лига титулы, бір Испания кубогы және екі Испания Суперкубогы бар», — делінген клуб мәлімдемесінде.
«Реал» президенті Флорентино Перес те футболшының кетуіне қатысты пікір білдірді.
«Давид Алаба өзінің адалдығы, еңбекқорлығы және “десимокуартаға” жету жолындағы ерекше бейнесі үшін барлық мадридистердің сүйіспеншілігін өзімен бірге алып кетеді. Ол жеңісті тойлаудың символына айналып, клуб тарихының бір бөлігі болды. “Реал Мадрид” әрқашан оның үйі болып қала береді», — деді Перес.
Клуб Давид Алаба мен оның отбасына өмірінің жаңа кезеңінде сәттілік тіледі









