Михаил Шайдоровты Астанада жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды

Астанада қысқы Олимпиада жүлдегерлерін жанкүйер қауым салтанатты түрде қарсы алды. Елорда әуежайына мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен спортшы Софья Самоделкина келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларды жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт қауымдастығының өкілдері күтіп алды.

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаны және Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қассанованы Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейрхан, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.

«Бүгін нағыз батырларымыз үлкен жолдан келді. Ең алдымен, чемпиондарды тәрбиелеген бапкерлер мен отбасыларына алғыс айтуымыз керек. Қазақстан бұл алтынға әбден лайық болды. Олар – біздің жаңа қаһармандарымыз, – деді ол.