Көкшетауда 10 000 орындық стадион салынып жатыр

Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында 10 000 көрерменге арналған жаңа стадионның іргетасына уақыт капсуласын қою рәсімі өтті, – деп жазды Aikyn.kz. 

ҚР Футбол федерациясы мәліметінше, салтанатты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Көкшетау қаласының әкімі әрі облыстық футбол федерациясының президенті Әнуар Күмпекеев, Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысының м.а. Александр Кеплин және аймақ тұрғындары қатысты. 

Жоба UEFA 4 (жоғары) санатындағы заманауи инфрақұрылымды қамтиды: жайлы трибуналар, санитарлық аймақтар, фудкорттар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. 

Сонымен қатар мұнда «Оқжетпес» футбол клубы үшін толыққанды жаттығу базасын салу жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.