Біріккен күрес әлемі (UWW) Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында бақ сынайтын балуандардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Басты құрлықтық додада сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі:
Еркін күрес
57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов
65 келіге дейін: Начын Куулар
74 келіге дейін: Нұрқожа Қайпанов
86 келіге дейін: Азамат Дәулетбеков
97 келіге дейін: Ризабек Айтмұхан
125 келіге дейін: Едіге Қасымбек
Грек-рим күресі
60 келіге дейін: Ернұр Фидахметов
67 келіге дейін: Мейіржан Шермаханбет
77 келіге дейін: Демеу Жадыраев
87 келіге дейін: Шамиль Ожаев
97 келіге дейін: Ислам Евлоев
130 келіге дейін: Олжас Сырлыбай
Әйелдер күресі
50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
53 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек
57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
62 келіге дейін: Ирина Кузнецова
68 келіге дейін: Жәмила Бақбергенова
76 келіге дейін: Эльмира Сыздықова
Айта кетейік, Азия ойындарында күрес бәсекелері 30 қыркүйекте басталады.








