Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Нұрқанат қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, ол ұлттық құрама қоржынына кезекті қола жүлдені салды.
Айта кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева (55 келіге дейін) 3-орын алған еді.








