Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Ресейлік ММА шебері Ислам Махачев Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бес раундқа созылған кездесуде Махачев екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 49:46, 49:46 және 48:47 есебімен ресейлік спортшының жеңісін тіркеді.

Осылайша, 34 жастағы Махачев қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, UFC тарихындағы жаңа рекордтың авторы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш 16 жеңіспен бразилиялық Андерсон Силваға тиесілі болған.

Махачевтің кәсіпқой ММА-дағы рекорды енді 29 жеңіс және 1 жеңіліс. Ол бұған дейін жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған.

Ал 28 жастағы Иэн Мачадо Гэрри мансабындағы екінші жеңілісін тіркеді. Оның алғашқы жеңілісі қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекте болған.