«Жеңіс» футбол клубы Конституция жобасын қолдауға арналған эстафета бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Арнайы эстафетаның жарияланғаны туралы команда ұжымы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады. «Жеңіс» футбол клубы – әділ ойын қағидаларын ұстанатын, тең мүмкіндікті және нәтижеге деген жауапкершілікті жоғары бағалайтын ұжым.
Айта кетейік, елімізде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша 15 наурыз күні республикалық референдум өтеді.









