Елордалық спортшылар Париж Олимпиадасына 13 лицензия жеңіп алды.Астаналық спортшылар, соның ішінде Елена Рыбакина, Александр Бублик, Әділбек Мусин, Юлия Путинцева Париж-2024 Олимпиада ойындарына 13 лицензия жеңіп алды. Бұл туралы және жалпы елордадағы спортты дамыту туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының басшысы Олжас Акимов айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұлттық құрама құрамында 21 спорт түрінен 281 спортшы қатысады, оның ішінде Астана қаласынан 8 спорт түрінен 19 спортшы қатысады деп жоспарлануда:1) Белбеу күресі – 2 спортшы2) Асық ату (бес асық) – 2 спортшы3) Құсбегілік – 2 спортшы4) Тоғызқұмалақ – 1 спортшы5) Барбекю – 2 спортшы6) Ордо – 2 спортшы7) Қазақ күресі – 2 спортшы8) Дәстүрлі садақ ату – 6 спортшы.Сонымен қатар 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында тағы бір маңызды іс-шара өтеді. Ол – Харбин қысқы Азия ойындары (Қытай). Астана қаласы құрамасынан спорттың 4 түрінен (конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек) 21 спортшы қатысуды жоспарлап отыр.