Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Финалда Елена Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина 2025 жылы Нинбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғауға таласады.