Лондондық клубтың ойыншылары жаңа бапкері Хаби Алонсомен жазғы үзілістен кейін Кобхэмдегі оқу-жаттығу базасында маусымға дайындықты бастады. Жаттығу барысында футболшылар медициналық тексеруден өтіп, физикалық және доппен жұмыс жасауға бағытталған жаттығулар орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazsport телеарнасына сілтеме жасап.
Дастан Сатпаев командадағы алғашқы жаттығуға қатысып, Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, Эммануэль Эмега және Жеовани Кенда секілді ойыншылармен бірге дайындалды.
Еске салайық, Дастан Сатпаев «Қайрат» клубының келісімімен Лондонға мерзімінен бұрын аттанған болатын. Қазақстандық футболшы «Челси» сапына ресми түрде 18 жасқа толғаннан кейін қосылады.









