Астанадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында қалалық сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
№2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 4-5 қыркүйек аралығында түрлі жас ерекшеліктері бойынша 111, 333, 500, 1000 метр қашықтықта сынға түседі.
Айта кетейік, 4-5 қыркүйек аралығындағы бәсекеде 70-ке жуық жас қатысушы жеңімпаздарды анықтайтын болады.