Астанада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогі өтеді

Астанада 25–29 қазан күндері өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогі қарсаңында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Beeline Arena алаңында өтетін бұл ауқымды жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен ҚР Үстел теннисі федерациясының қолдауымен Nomad Table Tennis Academy өткізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл турнир Қазақстанның брендіне айналып, жыл сайын жас таланттар мен танымал шеберлер бас қосатын алаң болғанын қалаймыз. Бұл жай ғана жарыс емес – үстел теннисін дамыту мен халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға жасалған қадам», – деді ол.

Жарысқа Қазақстанды қоса алғанда, 14 елден 300-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды өкілдері, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қытай, Венгрия, Мысыр, Малайзия, Иран, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің теннисшілері бар. Сонымен қатар, турнирге ITTF әлемдік рейтингінің топ-100 қатарындағы ойыншылардың қатысуы оның халықаралық ауқымын айшықтайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 115 000 АҚШ долларын құрайды.

Кубоктың басты ерекшеліктерінің бірі – әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары қатысатын шоу-матч. Жанкүйерлерді спорт тарихында өшпес із қалдырған шеберлердің ерекше өнері күтіп тұр. Аңыздар қатарында: