Астанада ММА чемпионынан тегін жаттығу: қайда және қашан өтеді

Елордадағы екі саябақта 1 қыркүйекке дейін өзін-өзі қорғаудан тегін жаттығулар өтіп жатыр. Сабақтар «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ниет білдірушілер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін қатыса алады. Жобаның ұйымдастырушысы – ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай. Жаттығулар Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр.

Азамат Ағзамовтың айтуынша, елордада спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 406 мыңнан асады, бұл қала тұрғындарының 40 пайызын құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 42 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.Тамыз айынан бастап скандинавиялық жүріс пен йогадан жаттығулар басталады. Сонымен қатар, Астанада спорт нысандары салынып жатыр. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инклюзивті орталық салынуда.

Сабақтарға барлық жастағы адамдар қатыса алады. Сондай-ақ балалар, мүмкіндігі шектеулі ересектер де жаттығады. Жаттығуларға кәсіби спортшылар да қатысып жатыр.

Сабақ кезінде ешкімнің жағдайы нашарлап кетпеуі үшін жаттықтырушылар бақылап тұрады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге дайын дәрігерлер де бар.