Құлсарыда 7 жасар қыз өлі табылды

Құлсарыда жоғалып кеткен 7 жасар қыз өлі табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыз 5 маусымда жоғалып кеткен. Сағат 12:00 шамасында қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға хабарласқан.

Кейін қызды белгісіз ер адам алып кеткені белгілі болды. Бұл жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қылмыс жасады деген күдікпен Кұлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны бірден ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды.