Қызылорда облысында полиция бірнеше мәрте ұрлық жасап, бөтеннің көлігін айдап кеткен 19 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлерге жергілікті тұрғын үйінің жанында тұрған Mercedes көлігінің ұрланғанын айтып, арызданған. Түскен арыз бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік ұрлаған азаматтың пәтер және бөтеннің мүліктерін ұрлағанын анықтады. Әккі ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінің есігін бұзып кіріп, ақша және алтын бұйымдар ұрлаған. Бұдан бөлек, азық-түлік дүкеніне жасаған ұрлығы да дәлелденіп отыр.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамалды.