Қосшыда 10 жастағы қыз үйірме сабағында қайтыс болды

Қосшыда үйірме сабағы кезінде 10 жастағы қыз қайтыс болды. Полиция мәліметінше, оқиға кеше, 29 қаңтарда болған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша, сабақ кезінде баланың денсаулығы күрт нашарлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

“Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу дерегі тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – деп қосты полиция.