Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері өткен жылдардағы аса ауыр қылмысты ашты.
2003 жылдың мамыр айында Қостанай қаласының ауласынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған болатын. Сараптама оны тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Алғашында күдіктілердің бірін анықтағанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы дәлелдер жеткіліксіз болды. Бірақ полиция қызметкерлері дәлелдерді жинауды және іс материалдарын талдауды тоқтатпай, 20 жыл бойы тергеу жұмыстарының жалғасуын қамтамасыз етті.