Қостанай облысында полиция тұрғыннан 4 келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтерінде өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады.
Ведомство бұған дейін ол осындай қылмыстар үшін үш рет сотталғанын атап өтті.
– Қылмыс санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторында тұр, – деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.
Жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 1,5 келі синтетика тәркіледі.