Қостанай облысында колонияға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді

Қостанай облысында колонияға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеті әшкереленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, №38 мекеменің жедел бөлім қызметкерлері және Департамент өкілдері бірлесіп, көліктік бақылау-өткізу пунктінде кезекті тексеру жүргізу барысында заңсыз әрекеттің жолын кесті.

Тексеру кезінде азаматтардың бірінің киім астына жасырылған үш ұялы телефон анықталып, тәркіленді. Телефондар торсық аймағына мұқият жасырып, №38 мекемесіне кіргізуге талпынған азамат сол жерде ұсталды. Бұл оқиға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған байланыс құралдарын заңсыз жеткізуге бағытталған әрекеттердің тағы бір айқын дәлелі болып отыр.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері жепартаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінен 88 ұялы телефон тәркіленген. Бұл фактілер заң бұзушылардың ережелерді айналып өтуге деген тұрақты талпыныстарын көрсетеді. Осы уақыт ішінде мұндай құқық бұзушылықтар үшін 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тыйым салынған заттарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталып отырған адамдарға беруге әрекеттену – ауыр зардаптарға және әкімшілік жауапкершілікке әкелетін қылмыс. Сондықтан бұл ережелерді бұзу әрекеттері заң бойынша қатаң жазаланатынын әр азамат ескеруге тиіс.