Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
“Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жағдайлар анықталып жатыр. Қарағанды облысының ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимінен аспауға шақырады”, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.