Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Qarmet» баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылдың 12 наурызы күні түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.
«Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
«Qarmet» АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.