ІІМ: Екі айда 900-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды

ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда. Оның ішінше есірткі қылмысына қарсы күрес қарқынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Екі ай ішінде республика аумағында 981 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 219 есірткі өткізу фактісі және 10 есірткі контрабандасы. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жойылды, 12 есірткі зертханасы мен төрт есірткі притоны таратылды.

Синтетикалық есірткі сатқаны үшін 230 адам ұсталды, оның ішінде 45 оператор және 185 есірткі жасырушы. Есірткіні өткізуге және насихаттауға қатысы бар 1560 интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды.

Telegram өкілдерімен өзара іс-қимылдың арқасында заңсыз контенті бар екі мыңнан астам сілтеме жойылды. Заңсыз айналымнан барлығы 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 76 кг синтетика. Үш тоннадан астам прекурсорға заңды айналымда шектеу қойылды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.