ШҚО полицейлері есірткіні насихаттаумен және жарнамалаумен айналысқан тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 21 және 18 жастағы екі азаматын QR-коды бар брошюраларды жапсырып жүргенде анықтады, онда есірткі құралдарын сатып алу үшін электрондық мекенжайлар көрсетілген.
Жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тапқанын, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәде етілгенін айтып берді. Күдіктілердің тағы 8 хабарландыру болған.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері екі азаматтың осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.