ШҚО-ның Алтай қаласында гараж боксында өрт орын алды

Алтай қаласында қосалқы шаруашылық аумағында гараж боксында өрт болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер келген кезде трактордың, “Урал” автокөлігінің бөлшектері, сондай-ақ бокстың төбесі жанып кетті.Өрт сөндіруге жеке құрамның 9 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 19 ш. м. алаңда тоқтатылды. Өрттің шығуының болжамды себебі – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсызда ұстау. ШҚО ТЖД кәсіпкерлерден объектілердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Объектіде бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол бермеу қажет.