Шымкентте полиция есірткі зертханасын жойды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде есірткі заттарын дайындауға арналған зертхананы анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаратау ауданының аумағында орналасқан үйді тінту кезінде синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар, салмағы 2 тоннаны құрайтын прекурсорлар мен 11 келіден астам мефедрон табылып, тәркіленді.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Атап өтейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 20 келі синтетикалық есірткі болған.