Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды

Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.  Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды.

Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған.

Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.