Шымкентте белгісіз біреу полицейді пышақтап кетті

Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына пышақпен соққы жасап, оны жаралаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы “Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану” бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді полициядан.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.