Ақтөбе облысындағы ” Жайсан ” теміржол өткізу пунктінде Молдованың ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросымен есірткі заттарын заңсыз тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2013 жылы күдікті басқа адамдармен бірге есірткі заттарын жеткізудің халықаралық арнасын ұйымдастырған . Молдоваға кірер кезде одан 46 грамм героин табылған .
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.