Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 487 тұлғаны анықтады

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 487 тұлғаны анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын барысында көші-қон заңнамасын бұзған 487 тұлғаны анықтады. Оның ішінде 342-сі шетелдік, 145-сі еліміздің тұрғындары.

Мәселен, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен ҚР-ның 126 азаматы мен шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 19 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Ал, сот шешімімен 23 шетелдік елден шығарылды.