Түркістан облысында 6 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Түркістан облысында 6 млн теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетем жасап.

“Қорғау” бағдарламасымен Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының операторлары жүргізуші-борышкердің автокөлігінің орналасқан жерін анықтап, жақын маңдағы полиция нарядына бағыт берді.

“Қорғау” бағдарламасынан түскен дабыл Ордабасы аудандық полиция бөлімі патрульдік полицияның планшетіне берілді, олар Cadillac Escalade көлігін көшелердің бірінде тоқтатып, айыппұл тұрағына орналастырды.

Сот орындаушының қаулысына сәйкес аталған көлік құралының жүргізушісіне 6 миллион теңгеге жуық қарыз есептелгені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары автокөлік иесіне қарызды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ескертті, оны өтегеннен кейін ол өз көлігін айыптұрақтан шығарып алатын болады.