2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі құзырлы органдармен бірлесе отырып, шекаралық аймақта Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушы 3186 адамды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 38 шетелдік шекараны бұзса, 29-ы бұзуға әрекеттенген, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1342 фактісіне тосқауыл қойылды, оның ішінде:
Ведомствода аталған фактілер бойынша материалдар тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданғанын атап өтті.
2024 жылдың сәуір айының соңында ҰҚК қызметкерлері шетелден есірткі жеткізудің халықаралық арнасын жойды.