СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапқа тартты

СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапқа тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 сәуір күні полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды анықтады. Видеода қоймадағы судың арнасынан асып төгілуі 4 метрді құрағаны айтылған. Шын мәнінде, аталған қоймадағы судың биіктігі әлдеқайда азайған. Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты. Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген.

Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.