СҚО-да екі бала суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі бала суға батып кетті: 12 және 15 жастағы суға түсуге болмайтын жерде шомылған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Есіл өзенінің сағасында болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар cуға түсуге болмайтын жерде шомылып, батып кеткен. Мәйіттерді іздеуге сегіз құтқарушы, үш техника мен бір ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жасөспірімдерді жағалау мен судан іздеген.

“10 шілде күні сағат 14:40-та Солтүстік Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің жедел-іздестіру тобы кәмелетке толмаған екі баланың мәйітін судан алып шықты. Өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті.