Семейде колонияға телефон кіргізбек болған ер адам ұсталды

Семейде колонияға телефон кіргізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Семейде №20 мекемесінде тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған затты, атап айтқанда, телефонды жеткізудің кезекті әрекетін тоқтатты. Рентген аппаратының көмегімен азық-түлікті тексеру кезінде қызметкерлер «Қазақстан» шоколадының орамына салынған телефонды тапты.

Әңгімелесу кезінде 24 жастағы Семей қаласының тұрғыны өзінің танысына қысқа мерзімді кездесуге келгенін және оның өтініші бойынша телефонды шоколад пакетіне жасырып алып келгенін мойындады.

– Сотталушының өзі курьермен танысуды және жеткізуді ұйымдастыруды жоққа шығарады.
Қазіргі уақытта курьерге қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – деп түсіндірді режим бөлімінің бастығы Мейіржан Кунафин.