Екі келі гашишті Семей қаласындағы колонияға тасымалдауға тырысқан адам ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Семейдегі аралас қауіпсіздік колониясына екі келі шамасында гашишті тыйым салынған аймақтан лақтыру әрекеті тоқтатылды. Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын бейнебақылау бекетінің қызметкерлері байқап, оны Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №19 мекемесінің қызметкерлері ұстады.
Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Есірткі заттарын заңсыз жөнелту немесе өткізу үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеміз.